Астанада Республика күніне орай көптен күткен баспана кілті кезекте тұрғандарға табысталды.

Астанада Республика күніне орай көптен күткен баспана кілті кезекте тұрғандарға табысталды.

Жаңа қоныстанушылар арасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедектер, жетім балалар, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және т.б. бар. Елорда тұрғындары пәтерлерін "Нұрлы жер" бағдарламасы ("Шаңырақ" мемлекеттік бағдарламасы) бойынша алды. Тұрғын үй бағдарламасын Астана әкімдігі Отбасы банкімен бірлесіп іске асырды.

Бүгін Республика күні мерекесімен және қоныс тойымен Астана әкімі Алтай Көлгінов пен Отбасы банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова құттықтады.