АСТАНАДА ЗАҢСЫЗ ОРНАТЫЛҒАН ҚОРШАУЛАРДЫ БҰЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

АСТАНАДА ЗАҢСЫЗ ОРНАТЫЛҒАН ҚОРШАУЛАРДЫ БҰЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

2025 жылдың 20 ақпанында Басқармаға «Астана сәні 2020» меншік иелері бірлестігінен «Астана сәні» тұрғын үй кешенінің паркингіндегі көлік тұрағы орындарының фукционалды мақсаты өзгертіліп, заңсыз қоршалып алынғаны бойынша арыз хат келіп түсті.

Басқармамен аталған арыздың негізінде көлік тұрағы орындарының меншік иелеріне қатысты тексеруді тағайындау туралы акт тіркеліп, тексеріс жұмыстары жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде, паркингте функционалды мақсатын өзгерте отырып, заңсыз қоршалу фактісі тіркелді.

Осыған байланысты, қазіргі таңда қоршау қабырғаларын бұзу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары Заңының 40-бабына сәйкес және Сәулет, қала құрылысы жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың шешімінсіз кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі құрамына кіретін паркингтік немесе орынтұрақ немесе қойманың конструкциялық бөлігін және функционалдық мақсатын өзгертуге тыйым салынатынын естеріңізге саламыз.