Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы автоматтандыру

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы автоматтандыру

2024 жылғы 1 қарашадан бастап "Құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде рұқсаттарды жүргізу, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату (кері қайтарып алу) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі №283 бұйрығы күшіне енді.

  1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімін жүргізу:

 1) мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы автоматтандыруға жататын бірінші және екінші санаттағы рұқсаттар туралы мәліметтерді жүйелеу;

 2) Қазақстан Республикасының Жеке және заңды тұлғаларын құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде қамтылған мәліметтер туралы хабардар ету.

  1. Автоматтандырылған тізілімде рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату (кері қайтарып алу):

1) Автоматтандырылған тізілімде рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұруды, тоқтатуды (кері қайтарып алуды) автоматты режимде не рұқсат беру органдары сот шешімінің негізінде не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру (кері қайтарып алу) туралы мәліметтерді енгізу арқылы жүзеге асырады.

2) автоматтандырылған тізілімде рұқсаттарды тоқтата тұру мерзімі алты айдан аспайды. Егер алты ай өткеннен кейін автоматтандырылған тізілімде рұқсаттардың қолданылуын қайта бастауға негіздер болмаса, бұл рұқсат одан әрі қалпына келтіру мүмкіндігінсіз автоматты режимде автоматтандырылған тізілімнен шығарылады.

3) автоматтандырылған тізілімді қосу және одан шығару "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңда және Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

Құрылыс саласындағы рұқсаттар тізілімі келесі мәліметтерді қамтиды:
1. инженерлік-техникалық қызметкерлер туралы рұқсат беру (біліктілік) талаптары болған жағдайда;
2. сарапшылар туралы рұқсат беру (біліктілік) талаптары болған жағдайда;
3. әкімшілік-өндірістік база туралы;
4. іске асырылған объектілер туралы (рұқсат беру (біліктілік) талаптары болған жағдайда;
5. материалдық-техникалық жарақтандыру туралы;