Басқармамен "бір терезе" қағидаты бойынша ақпараттық жүйеде атқарушылық техникалық құжаттаманы жүргізуге қатысты жиналыс өткізілді

Басқармамен "бір терезе" қағидаты бойынша ақпараттық жүйеде атқарушылық техникалық құжаттаманы жүргізуге қатысты жиналыс өткізілді

Ағымдағы жылдың 15 мамырында Басқармамен «бір терезе» қағидаты бойынша ақпараттық жүйеде атқарушылық техникалық құжаттаманы жүргізуге қатысты жиналыс өткізілді.

Жиналысқа «eQurylys» ақпараттық жүйесін әзірлеушілер, құрылыс салушылар, «Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан құрылысшылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілдері қатысты.

Кеңес барысында құрылыс нысандарында атқарушылық техникалық құжаттаманы жүргізу процестерін оңтайландыру мәселелері талқыланды.