Кәсіподақтар үйінде қалалық үшжақты комиссия отырысы өтті

Кәсіподақтар үйінде қалалық үшжақты комиссия отырысы өтті

Бүгін Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Отырыста уақытылы еңбекақы төлеу, жұмыс жағдайларын жақсарту, жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен денсаулықты қамтамасыз ету, сондай-ақ қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды. Осы мәселелермен жүгінген еңбек ұжымдарының шағымдарын шешу жолдары қарастырылды.

Бұл өзекті мәселелерді шешу Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының «PARYZ» Жұмыс берушілер Ұлттық конфедерациясы және Астана қаласының Кәсіподақ орталығы арасында жасалған 2024-2026 жылдарға арналған өңірлік келісім аясында жүзеге асырылатын болады.

Өңірлік келісім барлық тараптар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары мен бағыттарын айқындайтын маңызды құжат болып табылады. Қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға үлкен көңіл бөледі.