Еңбек және әлеуметтік кодекс нормаларын сақтау бойынша жұмыс берушілерімен кезекті кездесу өтті

Еңбек және әлеуметтік кодекс нормаларын сақтау бойынша жұмыс берушілерімен кезекті кездесу өтті

2024 жылғы 16 сәуірде мемлекеттік еңбек инспекторларымен "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" ММ және "Еңбек мобильдігі орталығы" КММ бірлесіп төмендегі мәселелер бойынша жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастырылды:

- азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарының квотасын сақтау (пробация қызметінің есебінде тұрған, мүгедектігі бар адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және жастар қатарындағы азаматтар);

- еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне қызметкерлермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты енгізу бойынша;

- зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін арнайы әлеуметтік төлем енгізу, бұл қызметкерлердің зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнайы әлеуметтік төлем алуын көздейді. Бұл механизмнің негізгі шарты - 55 жасқа толу және МКЗЖ 7 жыл төлеу фактісінің болуы;

- жұмыс істейтін аналар үшін қолайлы жағдай жасау.