Елордада құрылыс объектілерінен батпақты шығару жұмысы жүргізіліп жатыр

Елордада құрылыс объектілерінен батпақты шығару жұмысы жүргізіліп жатыр

«Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ аудандық әкімдіктердің мамандарымен бірлесіп батпақты қалалық аумаққа шығаруды болдырмау үшін және құрылыс объектілерінің қоршаулары бойынша объектіде дөңгелектерді жуу пунктінің, құрылыс қоршауларының тиісті жай-күйінің негізгі жол төсеміне  қатты жанасуына мониторинг жүргізілді. Атқарылған жұмыс барысында ескертулері бар 78 объекті анықталды. Солардың ішінде 56 объектідегі бұзушылықтар жойылып, 14 объекті  ескертулерді жою сатысында тұр.

Бұзушылықтарды анықтаған жағдайда Полиция департаменті субъектіге қатысты ҚР ӘҚтК 505 және 630-баптары бойынша қоршаулар және дөңгелектерді жуу пункттері нормаларының талаптарына сәйкессіздігі үшін әкімшілік хаттамалар жасайды.

Астана қаласының Табиғатты қорғау полициясы жүргізетін жұмыс шеңберінде  абаттандыру қағидаларын бұзғаны, оның ішінде қоршаулардың тиімсіз жағдайы үшін  12 құрылыс объектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.