Астанада бұзушылықтарға байланысты 33 құрылыс объектісінде жұмыс тоқтатылды

Астанада бұзушылықтарға байланысты 33 құрылыс объектісінде жұмыс тоқтатылды

Бүгінгі күні елордада рұқсат құжаттарынсыз 33 тұрғын үй кешенінің құрылысы бар.

Барлық субъектілерге жұмысты тоқтату туралы нұсқама беріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2023 жылы Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату және бұзу туралы 115 талап арыз жолдағанын атап өту қажет, олардың ішінде:

-3 талап арыз сотта қаралуда;

-26 талап арыз нұсқама талаптарының орындалуына байланысты қараусыз қалдырылды;

-86 талап арыз қанағаттандырылды;

-77 сот шешімі Астана қаласының Әділет департаментінде орындалуда жатыр.

Сондай-ақ, қалада «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауға қатысты бірқатар проблемалы мәселелер бар. Бұл ретте, азаматтарды хабардар ету және Заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әкімдіктің ресми ресурстарында және бұқаралық ақпарат құралдарында үлескерлерден ақша тартуға құқығы жоқ құрылыс салушылардың «қара тізімі» жүйелі түрде жарияланады.

Құрылыс ұйымдары үлескерлердің қаражатын «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабына сәйкес тарта алады:

  1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу:

  1) бірыңғай оператордан кепілдік алу;

  2) екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;

  3) көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілдерінің бірі арқылы ұйымдастырылады.

  1. Көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы үшін осы бапта көзделмеген өзге де тәсілдермен жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады.

Қолданыстағы Заңды айналып өту мақсатында Сізбен мәміле жасалған жағдайда, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9, 324 каб. мекен-жайында орналасқан «Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ хабарласуыңызды сұраймыз.