Астанада өңірлік кадр резервіне іріктеу наурыз айында басталады

Астанада өңірлік кадр резервіне іріктеу наурыз айында басталады

Астана қаласының кадрлық комиссиясы Астана қаласының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.

Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

  • Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
  • құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
  • жоғары білімі болуы;
  • үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

 

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) әлеуметтік сала;

2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

3) экология;

4) цифрландыру.

 

Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады. 

Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.

Құжаттар электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: astana@onir.pkrezerv.gov.kz 010000, Астана қаласы Сарыарқа даңғылы, 13, 3 қабат 304 бөлме.

Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы
31 наурыздан кешіктірмей жүктейді. 

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында astana.onir.rezerv.kz, elgeqyzmet.astana (Instagram)  және келесі телефондар арқылы: +7 7172 248926, +7 7172 248896, +7 7172 248831 алуға болады.