Астанада кәсіпкерлер үшін ашық есік күні өтеді

Астанада кәсіпкерлер үшін ашық есік күні өтеді

Астана қаласының әкiмдiгi елорданың барлық кәсiпкерлiк субъектiлерiн ағымдағы жылғы 14 желтоқсанда өтетін Ашық есiк күнiне шақырады.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жекелеген нормалары және www.hr.enbek.kz порталында жұмыс істеу тәртібі түсіндіріледі. Сондай-ақ www.hr.enbek.kz порталында еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне ұйымыңыздың қызметкерлерінің деректерін енгізуге болады.

Осыған байланысты, шараға қатысу үшін ұйымыңыздың HR қызметін жіберуіңізді сұраймыз.

Сіздерді ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 9 ғимарат, 326 кабинет мекенжайы бойынша күтеміз.

Барлық сұрақтар бойынша 8 7172 55 68 90, 87754008002 телефондары арқылы хабарласу қажет.

Анықтама үшін: 2020 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілді (23-бабы 2–тармағының 27) тармақшасы) – жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу жөніндегі міндеті енгізілді.