"Локомотив құрастыру зауыты" ЖШС алаңында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі бойынша жиналыс өтті

"Локомотив құрастыру зауыты" ЖШС алаңында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі бойынша жиналыс өтті

2023 жылғы 5 желтоқсанда "Локомотив құрастыру зауыты" ЖШС алаңында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі бойынша жиналыс өтті.

Іс-шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚР Кәсіподақтар федерациясы және "Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ басқарма басшысының орынбасары Ерлан Исмағұлов қатысты.

Кеңес барысында Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі заңнамалық өзгерістер және 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек Тұжырымдамасының жобасы туралы мәселелер талқыланды.

Светлана Жақыпова өз сөзінің соңында, Тұжырымдама жобасында көзделген жұмыс бағыттары экономикасы неғұрлым дамыған елдерде өзін табысты көрсете білген еңбекті қорғауды басқару жүйесінің шығынды-тәуекелге бағдарланған моделіне көшуге бағытталғанын атап өтті. Бұл шараларды іске асыру жұмыс күшінің сапасын арттыруды және еңбек ресурстарын үнемдеуді қамтамасыз етуі тиіс.