"Еңбек жолы" байқауының өңірлік кезеңінің қорытындысы шығарылды

"Еңбек жолы" байқауының өңірлік кезеңінің қорытындысы шығарылды

Елордада «Еңбек Жолы» өңірлік кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Биыл конкурсқа қатысуға 80 өтінім қабылданды.

Конкурс қорытындысы бойынша «Үздік еңбек әулеті» номинациясында бірінші орынды «ҚТЖ «ҰК» АҚ Амангельдиновтар әулеті иеленді, еңбек әулетінің темір жол көлігі саласындағы жалпы жұмыс өтілі 797 жыл.

«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясында бірінші орынды «Астана-РЭК» АҚ    II санатты инженер Байбатырова Айнур Беркенқызы иеленді.

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында Астана қаласы әкімдігінің «№ 38 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК тарих пәнінің мұғалімі Иманбаева Гульзия Калиевна жеңіске жетті.

Қалалық кезеңінің жеңімпаздары «Еңбек жолы» конкурсының республикалық кезеңінде елорданың атынан шығады.