Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттаудан өту үшін, қызмет алушы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығына сәйкес еңбек өтілі мен жоғары білімін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, elicense.kz порталы арқылы өтініш жіберуі қажет. Өтініш қаралғаннан кейін, қызмет беруші өтініш берушінің жеке кабинетіне аттестаттау күні мен уақыты белгіленген тестілеуді өткізу туралы хабарламаны немесе себебін көрсете отырып, дәлелді бас тартуды жібереді. Аттестаттау Бейбітшілік көшесі 9, 3 қабат 322 кабинет мекенжайы бойынша өтеді.