Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «2022 жылғы жұмыс нәтижелері, 2023 жылға арналған жоспар» тақырыбында «Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ басшысы Даулет Досқұлов брифинг өткізді.
Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру нәтижелері бойынша 121 млн. теңгеден астам суммаға 477 субъект жауапкершілікке тартылды.
Құрылыс салушылар, мердігер ұйымдар, жобалау және сараптама компаниялары орындауға міндетті ескертулерді жоюға 210 ұйғарым енгізілді.
Әкімшілік іс жүргізу шеңберінде заңсыз құрылыс бойынша пәрменді санкциялардың болмауына байланысты құрылысты заңсыз деп тану және оны бұзу туралы, сондай-ақ нұсқамалар талаптарын орындауды мәжбүрлеу туралы талап қоюдың сот практикасы жолға қойылды,
Өткен кезеңде 5 талап-арыз сот арқылы қанағаттандырды.
Соңғы үш жылдағы әкімшілік практиканы талдау сот тоқтатқан әкімшілік істер санын азайту бөлігінде оң динамиканы көрсетті.
Бұдан басқа, сот актілерін мәжбүрлеп орындау бойынша сот орындаушыларымен бірлесіп жұмыс үйлестірілген, соңғы үш жылда 40-тан астам сот актілері орындалған.