Қалалық үшжақты комиссияның отырысы

Қалалық үшжақты комиссияның отырысы

Еңбек заңнамасын сақтау мәселелері қалалық үшжақты комиссияда тұрақты негізде қаралады.

Ағымдағы жылдың 27 қазанында Астана қаласы әкімінің орынбасары
Н.Ж. Нұркеновтың төрағалығымен комиссияның отырысында құрылыс компанияларының қатысуымен келесідей сұрақтар қарастырылды:

  1. Құрылыс саласына тартылған жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтау
  2. Кәсіпорындардағы өндірістік жарақаттар
  3. Мұнаралы крандарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау.

Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Е.С. Исмагуловтың ақпаратына сәйкес, құрылыс компанияларында өндірістегі жазатайым оқиғаларға әкелетін қауіпсіздік ережелері  толығымен сақталынбайтынын мәлімдеді. Нәтижесінде 45 жұмысшы зардап шекті. Осы себепті Комиссия мынадай тапсырма берді:

 - еңбек заңнамасының талаптарын сақтау;

- құрылыс саласының жұмысшыларын еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті құрал-жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамалармен және басқа да құралдармен қамтамасыз ету;

-кемшіліктерді толығымен жойылғанға дейін құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру;

Бұл бағыт бойынша жұмыстар жалғасуда.