«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

Тақырыбы: «ЕАЭО-ға қатысушы елдердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер – жұмыс берушілер үшін Қордың электрондық сервистерін дамыту».

БЖЗҚ 2022 жылдың 29 қыркүйегінде онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

Мақсатты аудитория: заңды тұлғалардың, оның ішінде шағын және орта бизнестің өкілдері.

Іс-шараның мақсаты:

-         ҚР зейнетақы жүйесімен таныстыру;

-         ЕАЭО-ға қатысушы елдерде зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы халқының хабардарлығын арттыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

-         қатысушыларды «Заңды тұлғаның кабинеті» сервисінің қосымша функцияларымен және мүмкіндіктерімен таныстыру.

Іс-шараны өткізу кезінде салымшыларға (алушыларға) жасалған Келісім аясында ҚР зейнетақы жүйесінің құрылымына, ЕАЭО-ға қатысушы елдерде зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты түсіндірмелер беріледі.

Бұдан бөлек, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жеке кеңестер береді.        

Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» 29 қыркүйекте сағат 10:00, 12:00, 15:00 онлайн форматта  өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет

сағат 10:00

Zoom кездесуіне қосылыңыз

https://us05web.zoom.us/j/6676578184?pwd=UGY3SCtHa2dxMVZlVUJDSzZKbkNjUT09

 Конференция идентификаторы: 667 657 8184.

 Кіру коды 123456.

сағат 12:00

Cisco webex кездесуіне қосылыңыз

Event-совещание: https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e85bb0ae65897819fcfcba094d53d8f9d

Еvent-кеңес нөмірі: 2516 401 7807

Еvent-кеңес паролі: 123456.

сағат 15:00

Zoom кездесуіне қосылыңыз

https://us05web.zoom.us/j/6676578184?pwd=UGY3SCtHa2dxMVZlVUJDSzZKbkNjUT09

Конференция идентификаторы: 667 657 8184

Кіру коды 123456.

         

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!