
Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында Басқарма басшысының «BAZIS-A» құрылыс компаниясының ұжымымен кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары, олардың мемлекет пен қоғамның одан әрі дамуына әсері, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелері кеңінен түсіндірілді. Қатысушыларға жаңартылған Негізгі заң жобасында көзделген басты нормалар мен қағидаттар жөнінде мәлімет берілді.
Бүгінде Қазақстан кешенді конституциялық реформаны іске асыруға байланысты дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Жаңартылған Конституция жобасы қолданыстағы нормалардың елеулі бөлігін жаңартуды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін кеңейтуді, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруді көздейді.
Осындай іс-шараларды ұйымдастыру мемлекеттік құрылымдар мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.