БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ОЙЛАСТЫРУ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ ЖОБАСЫ

БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ОЙЛАСТЫРУ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ ЖОБАСЫ

Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясына енгізілуі ұсынылып отырған өзгерістер бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Басқарма басшысының «Sardar Group» құрылыс компаниясының ұжымымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында конституциялық реформаның негізгі себептері мен стратегиялық бағыттары, оның мемлекеттік жүйені жаңғыртудағы және елдің одан әрі дамуына қосатын үлесі кеңінен түсіндірілді. Азаматтардың құқықтық кепілдіктерін нығайту және кеңейту мәселелеріне, сондай-ақ құжат жобасында көзделген басты жаңашылдықтарға ерекше назар аударылды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті: компания өкілдері өз пікірлерін білдіріп, мемлекеттік билік органдарының қызметі мен қоғам өміріндегі Конституцияның рөліне қатысты сауалдарына жауап алды.

Осындай кездесулер мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғамның белсенділігін дамытуға ықпал етеді.