
Бүгін Басқарма басшысының төрағалығымен және Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысының орынбасарымен бірлесіп құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелерін, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына тигізетін маңызын талқылады.
Конституциялық реформаны жүзеге асыру, Қазақстандағы маңызды кезең болып табылады. Жаңа Негізгі заң жобасы қолданыстағы нормалардың елеулі бөлігін жаңартуды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдіктерді күшейтуді, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруді көздейді.
Басқарма басшысы Ғани Тажиев, кез-келген реформалар ең алдымен үлкен жауапкершілік: олардың сапалы жүзеге асырылуы мен шешімдері үшін және ең бастысы, қоғам мен мемлекет мүддесіне қызмет етуі тиіс жауапкершілік екенін атап өтті.
Кездесудің соңында алдағы кезеңде негізгі міндет – конституциялық өзгерістердің мәнін, олардың практикалық маңызын және елдің болашақ дамуына әсерін халыққа кеңінен түсіндіру болып табылатыны айтылды. Азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қоғамдық пікірді ескеру ерекше назарда болады.