ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ЖЕР ҚАЗУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ

ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ЖЕР ҚАЗУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылғы 20 қаңтарда Басқарма инженерлік желілер бойынша жер қазу жұмыстарын жүргізу мәселелеріне арналған жиналыс өткізілді. Жиналысқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің өкілдері қатысты.

Қазіргі таңда инженерлік инфрақұрылымның 514 нысаны салынуда. Нысандардың басым бөлігі қарқынды құрылыс жүріп жатқан Нұра мен Есіл аудандарында орналасқан.

Талқылау барысында инженерлік желілер нысандарында заңбұзушылықтардың ең көп анықталатыны атап өтілді. Атап айтқанда: жобалық құжаттамадан ауытқулар, тиісті рұқсаттарсыз жұмыстарды орындау, трассаларды өз бетінше өзгерту, желілерді төсеу сапасының төмендігі және абаттандыруды уақтылы қалпына келтірмеу. Бұл факторлардың барлығы авариялық жағдайлардың туындауына және азаматтардың шағымдарының артуына әкелуде.

Жиналыс қорытындысы бойынша аталған заңбұзушылықтардың жолын кесу тетіктері талқыланды.