
Басқарма басшысы құрылыстың орындалу барысын және белгіленген стандарттардың сақталуын бақылау мақсатында құрылыс алаңдарын тұрақты түрде шығу жұмыстарын жүргізеді. Осы аптада тексерулер «Vivaldi-2» тұрғын үй кешені мен көпфункционалды кешен нысандарында өтті.
Тексеру барысында құрылыстың ағымдағы жағдайы, орындалған жұмыстардың жобалық құжаттамаға сәйкестігі, сондай-ақ құрылыс саласындағы нормалар мен ережелердің сақталуы талқыланды. Қолданылып жатқан құрылыс материалдарының сапасына ерекше назар аударылды.
Шығу қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және құрылыстың белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті ұсынымдар әзірленіп, нақты тапсырмалар берілді.