
2025 жылғы 21 қазанда Басқарма басшысының төрағалығымен Полиция департаментінің, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің және құрылыс салушылардың қатысуымен елордада құрылыс саласындағы құқықтық және қауіпсіздік мәселелеріне арналған жиналыс өтті.
Құрылыс – қауіпсіздік талаптарын сақтау аса маңызды болып табылатын ең қауіпті салалардың бірі.
Еңбек инспекциясының басшысы кәмелетке толмағандарды құрылыс жұмыстарына тарту жағдайларының көбейгенін атап өтті. Бұл өз кезегінде ауыр жарақаттар мен өлімге әкеліп соғуда.
2025 жылы елордада 40 жазатайым оқиға тіркелген. Оның 32-сі ауыр жарақат алумен, 10-ы өліммен аяқталған, соның 8-і құрылыс алаңдарында болған.
Зардап шеккендердің барлығы еңбек шартсыз жұмыс істеген.
Сонымен қатар, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру талаптарының сақталмау фактілері анықталды.
Жарақаттану деңгейін төмендету мақсатында келесі шешімдер қабылданды:
Бұл шаралар құрылыс нысандарындағы жұмысшылардың қауіпсіздігін арттыруға және олардың құқықтарын қорғауға бағытталған.