Астана қаласының прокуратурасы қыркүйек айының басынан бастап халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған "Құқықтық дәріхана" жаңа әлеуметтік жобасын іске қосты.
Жобаның басты мақсаты – әрбір азаматқа қолжетімді, уақтылы заң көмегін көрсету.
2025 жылғы 23 қыркүйекте "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру шеңберінде біздің Басқарма да осы әлеуметтік жобаға қатысты.
Іс-шара барысында азаматтарға өзекті құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер мен заңгерлік кеңестер берілді.