Ағымдағы жылдың 15-16 қыркүйегі аралығында тәжірибе алмасу аясында Батыс Қазақстан облысының «Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ қызметкерлері біздің Басқармаға іссапармен келді.
Сапар барысында олар қаладағы құрылыс нысандарына шолу жасап, құрылыс саласында қала құрылысы нормалары мен ережелерінің сақталуы мәселелерін талқылады.
Кездесу соңында Басқарма қызметкерлері бақылау қызметін жетілдіру мақсатында одан әрі ынтымақтастық орнатып, тұрақты тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.