БАСҚАРМА БАСШЫСЫ «ТРИУМФ СИТИ», «ABADAN» ЖӘНЕ «АРАБИ 2-ГРАНИТНЫЙ 2» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНДЕРІН АРАЛАДЫ

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ «ТРИУМФ СИТИ», «ABADAN» ЖӘНЕ «АРАБИ 2-ГРАНИТНЫЙ 2» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНДЕРІН АРАЛАДЫ

Ағымдағы жылдың 28 мамырында Басқарма басшысы "Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС өкілдерімен бірлесіп "Триумф сити", "ABADAN" және "Араби 2-Гранитный 2" тұрғын үй кешендерінің объектілері бойынша жұмыс сапарын өткізді.

Қазіргі уақытта барлық нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстары толық көлемде жүргізілуде.

"Триумф сити" тұрғын үй кешені бойынша ғимараттың корпусы 95%-ға орындалды, сыртқы инженерлік желілер толық орнатылды. Құрылыс 2023 жылдың II тоқсанында басталды, мемлекеттік қабылдау жұмыстарының аяқталу мерзімі 2025 жылдың маусымына жоспарланған.

"ABADAN" тұрғын үй кешенінде ғимараттың корпусы 100%-ға аяқталды, сыртқы желілер мен абаттандыру орындалу үстінде.

"Араби 2-Гранитный 2" тұрғын үй кешенінде ғимараттың корпусы 80%-ға дайын, сыртқы инженерлік желілер 65%-ға орындалды.

"Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС басшылығына абаттандыру жұмыстарын жеделдету тапсырылды.

Объектілердің уақытылы аяқталуын және белгіленген стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында құрылыс мерзімдерін тұрақты бақылау жүзеге асырылады.