Астана қаласының мәслихатында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстары барысында 2022 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы жөніндегі есеп талқыланды.

        Астана қаласының Қаржы басқармасының басшысы Әліби Жұмаев және Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Манқараев сөз сөйлеп, жергілікті бюджеттің атқарылуы саласындағы ахуал, бюджетке түсетін түсімдер, кірістер мен шығыстар, елорданың 2022 жылғы Даму Бағдарламасының индикаторларының орындалуы туралы баяндады.
         Сондай-ақ, басқарма басшылары депутаттарға бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттің атқарылуы туралы толық ақпарат берді. Бағдарлама әкімшілерінің орындаушылық тәртібі оң динамикаға ие екендігі атап өтілді. Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы жүргізген аудит қорытындылары бойынша сын-ескертпелер жағдайды жақсартуда маңызды рөл атқарды.