2023 жылғы 20 сәуірде Астана қаласының Қоғамдық кеңесі мәжілісінде «2021 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы» баяндаманы Астана қаласының Қаржы басқармасының басшысы А.Ә. Жұмаев баяндады.

2022 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы  Астана қаласы Қаржы басқармасының пресс-релизі. 

2022 жылғы бюджет саясаты Астана қаласының Даму бағдарламасында және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында анықталған мақсаттарға және міндеттерге қол жеткізуге бағытталды.

Меншікті кірістердің көлемі 602 505,8 млн.теңгені немесе 105,8% орындай отырып (жоспардағы 569 370,9 млн.теңге сомада) құрады, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша табыс көздерінің көлемі 92,4% құрайды, түсімдер 556 603,7  млн. теңгені немесе 105,6% -ды (жоспардағы 527 142,5  млн. теңге) құрады, қосымша 29 461,1 млн. теңге түсімдер түсті;

салықтық емес түсімдер – 19 576,3 млн. теңге, немесе 114,8% (жоспардағы 17 056,3  млн. теңге), қосымша 2 520,0 млн. теңге түсімдер түсті;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 26 325,8 млн. теңге, немесе 104,6% (жоспардағы 25 172,0 млн. теңге), қосымша 1 153,8 млн. теңге түсімдер түсті.

2022 жыл бойынша қала бюджетінің шығыстары 98,3%-ға атқарылды (жоспардағы – 970 770,9 млн.теңге атқарылуы – 954 309,2 млн.теңгені құрады немесе игерілмегені – 16 461,7 млн.теңге).

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша игерушілік 97,1% құрады (жоспардағы – 296 103,1 млн.теңге, атқарылуы – 287 544,5 млн.теңгені құрады), оның ішінде: ағымдағы бағдарламалар бойынша – 99,3%, даму бюджеті бойынша – 96,4%.