Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бойынша

Мемлекеттік бағалы  қағаздарды шығару  бойынша

Астана қаласының әкімдігі 2026 жылдың 23 шілдеде Қазақстан қор биржасында Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын және Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кірмейтін өзге де құжаттарды іске асыру шеңберінде сарқынды суларды тазарту құрылысжайларының кешендерін, жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін салуды және жаңғыртуды (реконструкциялауды, күрделі жөндеуді) қаржыландыру мақсатында:

ISIN коды – KZZJ00000219: 1 738 240 дана, өтеу мерзімі – 2031  жылдың  23 шілдеде, сыйақы мөлшерлемесі – 13,28 %;  

ISIN коды – KZZJ00000227: 805 263 дана, өтеу мерзімі – 2031 жылдың 23 шілдеде, сыйақы мөлшерлемесі – 13,28 % мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарды.

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздары шығарылымынан түсетін түсімдер» түсім коды бойынша Астана қаласының бюджетіне 2 543 503,0 мың. теңге түсті.