Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бойынша

Мемлекеттік бағалы  қағаздарды шығару  бойынша

Астана қаласының әкімдігі 2026 жылдың 17 сәуірінде  Қазақстан қор биржасында «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру мақсатында:

ISIN коды – KZZJ00000177: 15 000 000 дана, өтеу мерзімі – 2028 жылдың 17 ақпанда, сыйақы мөлшерлемесі – 4,25 %;

ISIN коды – KZZJ00000185: 5 000 000 дана, өтеу мерзімі – 2027 жылдың 17 мамырда, сыйақы мөлшерлемесі – 4,25 % мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарды.

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздары шығарылымынан түсетін түсімдер» түсім коды бойынша Астана қаласының бюджетіне 20,0 млрд. теңге түсті.