Конституциялық түзетулер - орнықты дамуға жасалған қадам

Конституциялық түзетулер - орнықты дамуға жасалған қадам

Астана қаласының Қаржы басқармасында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін түзетулер талқыланды.
Іс-шара барысында басқарма басшысының міндетін атқарушы Ерлан Ахметов ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттің конституциялық негіздерін одан әрі нығайтуға, құқықтық мемлекет қағидаттарын дамытуға және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
Кездесу кезінде реформалардың басым бағыттарына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдіктерді кеңейту, сондай-ақ азаматтық қоғамның рөлін арттыру мәселелері қарастырылды. Білім беру, ғылым, мәдениет және инновация салаларын дамыту перспективалары да талқыланды.
Шара барысында басқарма қызметкерлеріне Конституцияға енгізілетін түзетулердің мазмұны жан-жақты түсіндіріліп, олардың мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және экономиканың орнықты дамуына оң ықпал ететіні аталды.