
Сіздерді Ұлттық валюта – теңге күні, қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, бірлік, ырыс-береке, молшылық тілейміз.
Еліміз өркендеп, теңгеміз нығая берсін!
Мереке қарсаңында, Астана қаласы Қаржы басқармасы қызметкері Қадырова Салтанат Жұмашқызы жемісті еңбегі үшін «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Тлеуова Сауле Кабдушқызы, Успанова Салтанат Асқарқызы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің алғыс хаттар табысталды.
Сонымен қатар, Астана қаласы әкімі Жеңіс Махмудұлы Касымбектің атынан Жарболова Марал Гамармарданқызы, Аубакирова Гульдана Ардаққызы, Балмағанбетова Гульзат Жылқыбайқызы алғыс хаттармен марапатталды.