Құрметті қазыналы қариялар!

Құрметті қазыналы қариялар!

Ардақты зейнеткерлер!
Астана қаласының Қаржы басқармасы Сіздерді «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Сіздердің әрбіріңіздің жүріп өткен жолдарыңыз, еткен еңбектеріңіз – ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Ел игілігі мен игі дәстүрлер үшін жылдар бойы еңбек еткендеріңізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілейміз! Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын!