«2024 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы» Астана қаласы Қаржы басқармасының пресс-релизі.

«2024 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы» Астана қаласы Қаржы басқармасының пресс-релизі.

2025 жылғы 12 маусымда Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс           сессиясында «2024 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы» баяндаманы Астана қаласының Қаржы басқармасының басшысы А.Ә. Жұмаев баяндады.

«2024 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы» Астана қаласы Қаржы басқармасының пресс-релизі.

2024 жылғы бюджет саясаты Астана қаласының 2021-2025 жылдарға арналған Даму бағдарламасында және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында анықталған мақсаттарға және міндеттерге қол жеткізуге бағытталды.

Қала бюджетіне түскен кірістердің көлемі 1 419 353,0 млн. теңгені немесе 105,6 % орындай отырып құрады (жоспардағы 1 344 101,9 млн. теңге сомада) оның ішінде:

салық түсімдер – 999 235,2 млн. теңгені немесе 107,8%-ды (жоспарындағы 926 540,9 млн. теңге) құрады, 72 694,4 млн. теңге артық орындалды;

салықтық емес түсімдер – 72 224,4 млн. теңге, немесе 105,5% (жоспарындағы 68 484,7 млн. теңге), 3 739,6 млн. теңге артық орындалды;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 16 190,0 млн. теңге, немесе 108,0 % (жоспарындағы 14 994,9 млн. теңге), 1 195,1 млн. теңге артық орындалды;

трансферттердің түсімдері – 274 586,1 млн. теңге немесе 100 % (жоспарындағы 274 586,1 млн. теңге);

бюджеттік кредиттерді өтеу – 2 155,1 млн. теңге немесе 100 % (жоспарындағы 2 154,4 млн. теңге);

қарыздар түсімі – 54 961,8 млн. теңгені немесе 95,9%-ды (жоспарындағы 57 340,8 млн. теңге) құрады.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қала бюджеті шығыстар бойынша 99,1 % атқарылды (жоспардағы – 1 373 194,9 млн.теңге атқарылуы – 1 361 364,4 млн.теңгені құрады).

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша игерушілік 99,1% құрады (жоспардағы – 276 966,1 млн.теңге, атқарылуы – 274 497,8 млн.теңгені құрады).

Жергілікті бюджеттен бөлінген бойынша игерушілік 99,1 % құрады (жоспардағы – 1 096 228,8 млн.теңге, атқарылуы – 1 086 866,6 млн.теңгені құрады).