ЕСІЛ АУДАНЫНДА ЖЕҢІС КҮНІ ҚАЛАЙ МЕРЕКЕЛЕНДІ?

ЕСІЛ АУДАНЫНДА ЖЕҢІС КҮНІ ҚАЛАЙ МЕРЕКЕЛЕНДІ?

Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Есіл ауданында бірқатар ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Мейрам күндері ауданның әр аумағында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, патриоттық бағыттағы мазмұнды шаралар өтті.

✅ Аудан аумағында тұратын 133 тыл ардагеріне арнайы азық-түлік себеттері табысталып, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік төсбелгісі тағылды.

✅Мектептерде ашық сабақтар өткізіліп, кітапханаларда тақырыптық кездесулер ұйымдастырылды. Соғыс жылдарындағы қиындықтар, ұрпақтар сабақтастығы және хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлерді іздестіруге арналған танымдық дәрістер өтті.

✅Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, еске алу рәсімі өтті. Шараға аудан әкімі мен әкімдік қызметкерлері қатысты.

✅Іс-шаралардың шарықтау шегі — Ботаникалық саябақта ұйымдастырылған отшашу болды. Оған 40 мыңнан астам тұрғын қатысты.