Есіл ауданы әкімі аппаратының қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Іс-шараға Есіл ауданы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Бақытжан Жүнісбеков, Әдеп уәкілі Ғ. Амантай, МҚІАД басқарма бас маманы А.Б. Смагулова және Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Қ.Д. Көшқали қатысып, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Әдеп кодексінің сақталуы жөнінде баяндама жасады.
Сонымен қатар, Астана қаласы ПД Полиция басқармасының аға инспекторы Жанар Молдабаева тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тақырыбында баяндама жасап, қатысушыларға құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Семинар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауатын арттырып, этикалық нормаларды сақтау маңыздылығын түсіндіруге бағытталды.