Ауданда көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары аясында арнайы жоспар жасалып, орындалуда. Жыл басынан бері ықтимал су басу аймақтарында – тұрғын үй алаптарында, мектептер мен балабақшалар аумағында, сондай-ақ су бұру жүйелерінде қар мен мұзды шығару жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Қазіргі таңда аудан бойынша су тасқыны қаупі бар екі негізгі учаске анықталған: «Шұбар» тұрғын алабы және «Нұра-Есіл» каналы мен «Майбалық» көлі арасындағы арна.
Әлеуметтік нысандарды қардан тазарту жұмыстары 18 ақпаннан бастап басталды. Ауданда 25 орта мектеп пен 15 балабақша орналасқан, олардың аумақтарынан қарды шығару шаралары қарқынды жүргізілуде.
Қар полигонына 2024 жылдың 7 қарашасы мен 2025 жылдың 25 ақпаны аралығында 1 278 780 м³ қар шығарылды. Қар шығару жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда.