
Астанада қала әкімдігінің қолдауымен SEED UNIKER SCHOOL инновациялық математика-тіл мектебінің салтанатты ашылуы өтті.
Есіл ауданының әкімі Дәрменияр Қыдырбек-ұлы ата-аналарды, оқушыларды және ұстаздарды осы маңызды оқиғамен құттықтап, ашылуына қатысып, салтанатты түрде лента қиды.
Қала әкімдігі білім беру саласын жақсартуға бағытталған бастамаларға әрдайым қолдау білдіріп келеді. Бұл мектеп соның айқын дәлелі: жекеменшік сектор мен қала әкімдігінің бірлескен күш-жігерінің арқасында бой көтерді.
Мектеп ұжымын, ата-аналар мен оқушыларды осы қуанышты оқиғамен құттықтай отырып, жаңа оқу жылының табысты әрі жемісті болуын тілейміз!