Еріктілер тыл еңбеккерінің ауласын тазартты

Еріктілер тыл еңбеккерінің ауласын тазартты

Бүгін «Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясының «Өнегелі ұрпақ» экоапталығы өз мәресіне жетті. Оның шеңберінде «Астана жастары» волонтерлары тыл ардагері Аджегитов Закарья Халитовичтің ауласында көктемгі тазарту жұмыстарын өткізді.

Аджегитов Закарья Халитович - 1934 жылы 28 желтоқсанда қазіргі Омбы облысында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталғанда ол небәрі 7 жаста еді. Қатарластары сынды ол да тылда еңбектеніп, ұжымдық шаруашылық жұмыстарына көмектесті. Әкесі соғыс басында қаза тапқан. Екі ұл мен екі қыз тәрбиелеп, өсірді. Бүгінде Астана қаласы, «Пригородный» тұрғын алабының тұрғыны.