Есіл ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасына онлайн дауыс беру басталды

Есіл ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасына онлайн дауыс беру басталды

Жалпы, осы жылы тұрғындардан 30 өтінім келіп түсті. Оларды қоғам қайраткерлерінен, белсенді тұрғындар мен ардагерлерден тұратын сараптамалық кеңес қарады. Нәтижесінде 11 жоба дауыс беру кезеңіне өткізілді. Қалған 19 ұсыныс жоба ережесінің талаптарына сәйкес келмегендіктен, дауыс беруге жіберілмеді.

Биыл Есіл ауданы бойынша, келіп түскен идеялардың дені аулаларды абаттандыру, аулаішілік алаңдарды, соның ішінде: балалар ойын алаңдары, футбол алаңдары, ересек тұрғындарға арналған спорт және тренажер құрылыстарын жаңарту жұмыстарына қатысты болды.

Сондай-ақ, биылғы бір артықшылық - EGOV mobile мобильдік қосымшасы арқылы дауыс беру. Бұл жаңашылдық азаматтардың өз аумақтарын басқаруға және дамытуға қатысу процесін жетілдіру шеңберінде енгізіліп отыр. Ол үшін ЭЦҚ немесе басқа да тәсілдер арқылы авторизациядан өту қажет. Бұдан бөлек, тұрғындар тиімді санаған жобаларына Есіл әкімдігі сайтында да дауыс бере алады.