Бүгін «Бәйтерек» монументінде жас жұбайларды некелерімен және жарты ғасыр отасқан ерлі-зайыптыларды алтын тойларымен құттықтау рәсімі өтті.

Бүгін «Бәйтерек» монументінде жас жұбайларды некелерімен және жарты ғасыр отасқан ерлі-зайыптыларды алтын тойларымен құттықтау рәсімі өтті.

Аталған іс-шара Астана қаласы әкімдігі, «Есіл» ауданы әкімінің аппараты, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды. Мереке шымылдығын Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен ашты. Құттықтау сөзін сөйлеп, іс-шара себепкерлеріне жылы лебізін білдірді.

Наурызнама кестесіне сәйкес, 17 наурыз – «Шаңырақ» күні деп бекітілген болатын. Соған сәйкес, жас отау иелеріне неке қию туралы куәліктері табыс етіліп, «Алтын той» иелері «Астана қаласының мерейтойлар» кітабына енгізілді.