Көпбалалы аналар “Алтын алқа” және “Күміс алқа” мемлекеттік наградаларымен марапатталды

Көпбалалы аналар “Алтын алқа” және “Күміс алқа” мемлекеттік наградаларымен марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Есіл ауданы әкімі Дәрменияр Қыдырбек-ұлы Мемлекет басшысының (2024 жылғы 22 қаңтардағы № 439 және 19 ақпандағы № 484) Жарлықтарына сәйкес Мемлекет басшысының атынан аудандағы 23 көпбалалы ананы құттықтап, екі анаға “Алтын алқа” және 21 анаға “Күміс алқа” ҚР мемлекеттік наградаларын табыстады. Сондай-ақ әйелдерге қоғамға қосқан маңызды үлесі үшін алғыс айтып, құрметін білдірді.

Аналардың әрқайсысы аудан әкімінің қолынан гүл шоқтарын алды. "Біз көпбалалы аналарға жанқиярлығы, отбасы мен қоғамға деген адалдығы үшін ризамыз", - деп атап өтті Дәрменияр Қыдырбек-ұлы.