Құрметті тұрғындар!

Құрметті тұрғындар!

Құрметті тұрғындар!

2035 жылға дейін Астананың Бас жоспарының жобасы бойынша қоғамдық талқылау жалғасуда.

24 тамызда сағат 15:00-де Қабанбай батыр даңғылы, 33, 3-қабат мекенжайы бойынша "Есіл" ауданы бойынша талқылау өтеді.

Кездесуді елорданың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы "Астанабасжоспар" ҒЗИ-мен бірлесіп өткізеді.

Бас жоспардың жобалық шешімдерінің көрме материалдарымен 2023 жылғы 21-22 тамыз аралығында Астана қ., Ә.Мамбетов к-сі, 22 ("Сарыарқа"ауданы) мекенжайы бойынша танысуға болады. Бас жоспар жобасының тұсаукесері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліспен) өткізіледі.

25 тамызда Республика даңғылы, 34 мекенжайындағы "ЖАСТАР" сарайында қорытынды қоғамдық талқылаулар өтеді. Басталуы сағат 10.00-де.

Жобаға ұсыныстар мен ескертулерді электрондық поштаға жіберуге болады: smgp@astanagenplan.org.kz.