Астана қаласының коммерциялық емес ұйымдарының, жеке және заңды тұлғаларының бастамасы бойынша тұрғын үй орталығы аумағында "қоғамдық талқылау" нысаны бойынша кездесулер өткізіледі.
Қоғамдық талқылаулар бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық талқылаулар өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 күннен кешіктірілмей өтеді.
Өткізу күні 16.08.2023 жылдан бастап.
Жеке және заңды тұлғалар ЖАО-ға қоғамдық талқылауға шығарылатын жобаларға дәлелді ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша нысанда (қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде) қоғамдық талқылаулар өткізу басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді. Осы мерзім өткеннен кейін ескертулер мен ұсыныстар қабылданбайды.
Бастамашы жергілікті атқарушы орган, "Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" ММ, Астана ауданы әкімінің аппараты ММ, Байқоңыр, Алматы, Сарыарқа, Есіл, Нұра аудандары әкімі аппараты ММ.