"Үркер Әуені "фестивалі"Есіл" ауданында өтті

"Үркер Әуені "фестивалі"Есіл" ауданында өтті

"Үркер Әуені "фестивалі"Есіл" ауданында өтті
Бүгін №69 мектеп-гимназиясында "Есіл" ауданы әкімі аппаратының және мектептің Қамқоршылық кеңесінің қолдауымен жыл сайынғы "Үркер Әуені"фестивалі өтті. Концерттік бағдарламаға Мемлекеттік мекемелердің, "Үркер" тұрғын үй алабының аула клубының, №62, 91, 92 балабақшалардың, ҚР Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің, №12 емхананың, сондай-ақ "Есіл"ауданының Ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.
Концерттің ерекше қонағы және жағымды тосынсый ретінде танымал қазақстандық "Үркер" тобы болды, олар біз көптен бері сүйіп тындайтын "Жаным", "Наурыз"композицияларын орындады.
Қазылар алқасының құрамында ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Бибігүл Асылова, ҚР Парламенті әлеуметтік жобаларының жетекшісі Баян Жалмағамбетова, Астана қаласы бойынша білім басқармасы басшысының орынбасары Олжас Омар, SSlab телебағдарламасының негізін қалаушы Санди Сұлтан, "Есіл" ауданының әкімі Асылбек Есенбаев болды.
"Біздің фестивальдің мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты рухани тәрбиелеу, жас таланттарды қолдау, сондай - ақ көктемнің басталуын атап өту дәстүрі",-деп атап өтті Фестивальдің демеушілерінің бірі ретінде қатысқан медиа-продакш студиясының жетекшісі Назгүл Мақжан.
Фестивальдің барлық қатысушылары түрлі номинациялар бойынша мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарға ие болды.