Құрметті Елорда тұрғындары және қонақтары!

Құрметті Елорда тұрғындары және қонақтары!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолауында «Қазақстан – дарынды жастар мекені, жастарға жан-жақты қолдау көрсету мемлекетіміздің басты міндетінің бірі» екендігін атап өтті.

Сол қолдаулардың бірі - өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер.

Енді, Жоғары оқу орындарының түлектері оқуын аяқтағаннан кейін                       1 жыл ішінде облыстардағы аудан, ауыл деңгейіндегі төменгі мемлекеттік лауазымдарға  конкурссыз орналасуға МҮМКІНДІКТЕРІ бар.

Ол үшін жастар:

Біріншіден, Жоғары оқу орнын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде аяқтауы қажет;

Екіншіден, GPA көрсеткіші белгілеген мәннен, яғни GPA 3,33-тен төмен болмауы қажет.

Егер сіздің сұрағыңыз болса, келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызға болады: 8 (7172) 24-89-26, 24-88-97, 24-88-96, 24-88-31.

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті