Сайлаушылар тізімінен өзіңді қалай табуға болады?

Сайлаушылар тізімінен өзіңді қалай табуға болады?

Сайлау учаскеңіз туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде бірнеше тәсілмен алуға болады: ресми сайттан, мобильді қосымшадан, сондай-ақ чат-ботты пайдаланып немесе 109 нөмірі бойынша iKomek бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы алуға болады.

Тізімнен шығару немесе түзету енгізу қажеттігі жөніндегі өтінішіңіз өтініш түскен күні қаралады. Өтініш мақұлданбаған жағдайда азаматқа дереу дәлелді шешімнің көшірмесі беріледі. Оң шешім қабылданған жағдайда сайлаушы бірден тізімге енгізіледі.

Азаматты нақты бiр сайлау учаскесi бойынша сайлаушылар тiзiмiне енгiзуге оның тұрғылықты жерi және көрсетiлген учаскенің аумағында тiркелуі негiз болады.

Сондай-ақ барлық мәліметті egov.kz электронды үкімет сайтының «Азаматтық, миграция және иммиграция» бөлімінен тексеруге болады.

Айта кетерлігі, сайлаушы өзі туралы мәліметтерді дауыс беру күніне 15 күн қалғанда тексере алады.