ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 жылғы № 505 бұйрығымен бекітілген қала құрылысы жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларының нормалары мен талаптарына сәйкес қоғамдық талқылаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

Қоғамдық талқылаулар 2026 жылғы 20 наурызда сағат 10:00-де Республика даңғылы, 32, 1 қабат мекенжайы бойынша өтеді.

Заңды/жеке тұлғалардың өтініштері негізінде қаралатын мәселелер:

  1. Астана қаласындағы Е117, ТМ-17, ТМ-36, ТМ-21 көшелерінің (жобалық атаулары) шекарасында орналасқан егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу барысында «Паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй» объектісін 9 қабат етіп орналастыру бойынша. Тапсырыс беруші – ТОО «Астана Строй 2024»

📧 Дәлелді ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық талқылаулар басталған күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде b.balgozhin@astana.kz электрондық мекенжайға немесе Астана қ., Ә. Мәмбетов к-сі, 24-үй мекенжайындағы ұсыныстар жәшігінде (холл) қолма-қол қабылданады.