
Құрметті салық төлеуші!
Астана қаласының Есіл ауданы бойынша МКБ, жаңа Салық кодексінің еңгізілуіне байланысты өтпелі кезеңде 2026 жылғы 1 қаңтардан 28 ақпанға дейін арнаулы салық режиміне көшу үшін, қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсыну қажет екенін хабарлайды.
Хабарламаны белгіленген мерзімде ұсынбаған салық төлеушілер автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне ауыстырылатын болады.
МКБ ғимаратында әр дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00 — ден 13:00-ге дейін "Халық бухгалтері" акциясы өткізілетінін, оның шеңберінде кеңес алуға болатынын қосымша хабарлаймыз.