МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ МЕН МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ МЕН МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Аудан әкімдігінде мемлекеттік қызметтің заңдылықтары мен талаптарын, сондай-ақ, әдеп нормаларын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені аясында мемлекеттік қызметшілерге деструктивті діни ағымдардан сақтану жолдары мен маңызы түсіндірілді.

“Qamqor Astana” ҚҚ ақпараттық-түсіндіру тобының дінтанушы маманы Арулан Қуатов Есіл ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды.

Кездесу барысында діннің қоғамдағы рөлі, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі дүниетанымның маңызы кеңінен талқыланып, теріс ағымдардың алдын алу, оларды ерте кезеңде анықтау және қауіптің алдын алу тетіктері түсіндірілді.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала маманынан тұшымды жауаптар алды.