«Есіл» ауданында қар тазалау және оны шығару жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. 12-нен 13 қаңтарға қараған түні қар тазалау жұмыстарына 500-ден астам жол жұмысшысы мен 400-ден аса арнайы техника жұмылдырылып, аудан аумағынан 18 500 текше метрден астам қар шығарылды.
Жалпы, қарлы маусым басталғалы шығарылған қардың көлемі 480 мың текше метрден асады.
Жұмыстар күшейтілген режимде негізгі көшелерде, аула аралық және жаяу жүргіншілер жолдарында жалғасуда.